Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: X «Ақберен» республикалық өнер байқауы өтті

2023 жылдың 18 қазан күні Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Абай атындағы МЛ-нің базасында аудандық «Ақберен» республикалық өнер байқауы өтті.

Байқауға барлық білім беру ұйымдарынан жалпы- 90 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты : 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу.

Байқау 6 номинация бойынша өтті : Шешендік білгірлік сайысы, Көркемсөз оқу, Эссе жазу, Ұлттық аспапта өнер көрсету, Ақындар айтысы.

Байқау жоғары деңгейде өтті. Оқушыларымыз үлкен дайындықпен келген.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды иеленіп, жеңімпаз атанған Өнерлі оқушыларымыз 2023 жылдың 24 қазан күні Түркістан қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Атап айтар болсақ, Шешендік өнер — Жайыкбек Элдана Абай ат.МЛ 9-сынып, Көркемсөз оқу-Сағындық Сұлтан Ю.Гагарин ат.ЖОМ 11-сынып, Эссе жазу- Жақсылық Нұрсаян А.Байтұрсынов ат.ЖОМ 10-сынып. Ұлттық аспапта өнер көрсету- Нұрмаханұлы Бексұлтан С.Сейфуллин ат.ЖОМ 10-сынып, Ақындар айтысы- Қуан Рамазан Абай ат.МЛ 10-сынып, Ақындар мүшәйрасы — Балқыбек Абзал Т.Рысқұлов ат.ЖОМ 10-сынып.

Дарынды оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Сәйкес жаңалықтар

Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен кезекті апталық мәжіліс өтті

admin

Бес балалы ана Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

admin

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойынының билеттері сатылымға қашан шығады?

admin