Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: аудандық пікірсайыс турнирі өтті

Түлкібас аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен және аудандық білім бөлімінің ықпалымен Республика күнінің 25 жылдығы аясында “Тұғырлы Түлкібас” тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге аудандағы білім беру мекемелерінен 8 команда қатысты. “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Н. Бердібек қатысушы жастарға пікірсайыс алаңында сәттілік пен жеңіс тілеп, ыстық ықыласын білдірді.

Сайыс қорытындысымен үздік фракциялар;

1-орын А. Асқаров ЖОМ “Элегант” фракциясы,

Сертификат: 50 000 теңге.

2-орын Ломоносов ЖОМ “Кездесу сайын креатив” фракциясы;

Сертификат: 30 000 теңге.

3-орын Б.Момышұлы ЖОМ “Заман біздікі” фракциясы;

Сертификат: 20 000 теңге

қаржылай марапатталды.

Өзге белсенді қатысқан топ көшбасшылары алғыс хаттармен және түрлі номинациялармен марапатталды.

Сәйкес жаңалықтар

Президентке «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде орналасқан Аккредиттеу орталығының жұмысы таныстырылды

admin

Телефоныңыз тіркелген бе? IMEI-код бойынша анықтау қызметі іске қосылды

admin

Дархан Сатыбалды қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады

admin