Сауран: Елордада жерлесіміз Бексейтов Ержан “ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮШІН” төсбелгісімен марапатталды

2023 жылғы 18-29 қазан күндері Елорда төрінде азаматтық қоғамды қалыптастыру тетіктерін талқылау алаңына айналған “Әділетті Қазақстан: баршаға және әркімге — азаматтық қоғам дамуының басты векторы” атты XI Азаматтық форум өтті.

Форумда Сауран ауданының құрметті азаматы, Майдантал ауылдық округіндегі “Әйтеке би ” атындағы мектептің мұғалімі Бексейтов Ержан Құлахметұлы қайырымдылық саласындағы құрметті атақ “Қайырымдылық үшін” төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Кадиров табыстады. Бексейтов Ержан Ынталы елдімекенінде қайырымдылық жұмыстар атқарып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп, 2 отбасыға баспана салып беруге атсалысты.

Ержан Құлахметұлын алған марапатымен құттықтап, отбасына бақ – береке мен қайырымдылық саласындағы жұмыстарына табыс тілейміз!

ПІКІР ЖАЗУ