Сарыағаш: қайтарымсыз грант берудің басты мақсаты-ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту

Ауданымызда мемлекеттік грант алып, мал шаруашылығымен айналысатындар қатары көбейіп келеді.

Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев мемлекет тарапынан берілетін «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы» аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алып, қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған азаматтардың кәсібімен танысты.

Алдымен, аудан басшысы мемлекеттік грант алып Қызылжар ауылдық округінің тұрғыны көп балалы ана Д.Онланбаеваның кәсібімен танысты. Көп балалы ана маусым айында қайтарымсыз грант иегері атанып, қаржысына сүт өнімдерін алу мақсатында 3 сауынды сиыр алған. Қазіргі таңда, күніне 10 литр сүт өнімін алып, ауыл аумағындағы дүкендерге саудалауда.

– Қайтарымсыз грант – аудан тұрғындарына кәсіп бастауға үлкен көмек. Тұрғындардың әл-ауқатын көтеру арқылы біз өңірдің әлеуметтік экономикалық ахуалын жақсартпақпыз. Кәсіпкерлер – ауданның тірегі. Шағын және орта бизнес дамыса, кәсіпкерлік өркендесе, ауданда экономикалық даму да, тұрақтылық та болары сөзсіз. -деді аудан әкімі.

Келесі грант иесі, аталған ауылдық округ тұрғыны көп балалы әке Ж.Ермуратовтың мал шауашылығымен танысқан аудан басшысы Арман Абдуллаев,сәттілік тіледі.

Ж.Ермуратов маусым айында қайтарымсыз грант иегері атанып, қаржысына сүт өнімін алу үшін сауынды сиыр алып, бүгінде сүт өнімдерін саудалап, кәсібін дөңгелетуде.

ПІКІР ЖАЗУ