Қазығұрт: кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардаң қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу

Аудан аумағында балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы және жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық іс – шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан прокуроры Қ.Базарбаев, З.Жорабеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі»бөлімшесінің мамандары М.Тұрымбет, Ж.Сманова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Орынбаев, Л.Пардабаева және аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы Б.Қуаныштың полиция майоры Т.Нурбековтың қатысуымен Қазығұрт ауыл округіне қарасты «Қ.Тұрсынқұлов» атындағы мектеп гимназисы және «О.Жандосов» атындағы жалпы білім беретін мектебі, «Т.Рысқұлов» атындағы мектеп- лицейі, «Қ.Сәтбаев» атындағы мектеп – лицейі, және Жаңабазар ауыл округіне қарасты Жаңабазар ауыл округіне қарасты «Елшібек батыр» мектеп – лицейі, «Тілектес» жалпы білім беретін мектебі, «Жылыбұлақ» жалпы білім беретін мектеп, «Қарабастау» жалпы білім беретін мектеп оқушылармен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: оқушылардың , жас жеткіншектеріміздің санасына есірткі, ішімдік, темекі одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Келген қонақтар оқушыларды бос уақытын тиімді пайдалануға, зиянды заттардан аулақ болуға, спортпен шұғылдануға шақырды. Арнайы бейнебаян көрсетіліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

ПІКІР ЖАЗУ