Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Республика күні қарсаңында Ордабасыда фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді

Бүгін Ордабасы ауданындағы Ықыластемір ауылында Республика күні қарсаңында жаңа фельдшерлік-акушерлік бекеттің ашылу салтанаты өтті. Шараға қатысқан аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет ете беруін жеткізді.

— Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған денсаулық сақтау саласын, оның ішінде ауылдық аймақ медицинасын қолдау мақсатында ауданымызда тындырымды тірліктер атқарылуда. Атап айтар болсақ, аймақта іргетасы қаланған 6 ФАП құрылысының 4-і ем алушыларға қызмет көрсете бастады. Бүгін ауылымызда ашылған нысан соның дәлелі. Жыл соңына дейін тағы 2 ғимараттың құрылысын аяқтау жоспарланған. Осы орайда ауыл тұрғындарын заманауи денсаулық сақтау мекемесінің салтанатты ашылуымен құттықтаймын, — деді аудан әкімі өз сөзінде.

Аталған нысанды мердігер мекеме «Astana Koktem Group» ЖШС 2022 жылы бастап, биыл күз айында толықтай аяқтап отыр. Қазіргі таңда денсаулық сақтау мекемесінде 20-ға тарта маман емделушілерге қызмет көрсетеді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды

admin

Үміткерлер индустрия цифрландыру бағыттары бойынша таңдалатын болады

admin

Түркістан қаласы мәдениет пен туризмнің орталығына айналып келеді

admin