Түркістан: Яссы секторында жыл басынан бері өткізілген шаралар

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде сектор тұрғындары арасында көгілдір отын тұтынушылар 98%, ауыз сумен қамтылғандар – 99% құрады.

Сондай-ақ, биыл 28 көшеге кәріз жүйесі тартылып, құрылысы аяқталды.

Жол сапасы бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, 8 көшеге- тас, 25 көшеге асфальт төселді. Одан бөлек, жыл басынан бері 8 аялдама, 10 көшеге жарықшам орнатылды.

Қала әкімінің ай сайынғы кездесулерінде берілген тапсырмалар бойынша да сектор тұрғындарының бірқатар өтініші жүзеге асқан.

Көрсеткіштерге сәйкес, жыл басынан бері 7 кездесу өткізіліп онда 149 мәселе көтерілген. Оның 97-і орындалды, 50 тапсырма бойынша жұмыс жүргізілуде.

Атап айтқанда, №2,№2а қоғамдық көліктер бағыты ұзартылды, Сақ қорған көшесінде балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды.

Байдалы, Шоқтас Майлыкент көшелеріне – ұялы байланыс құрылғысы,

И. Алтынбеков, Р.Тойшыбаев көшелеріне бейнекамералар орнатылды.

Қазіргі таңда, 2024 жылы атқарылатын жұмыстар тізбесі әзірленуде.

Жалпы, Түркістан қаласындағы Яссы секторында 42 000 тұрғын қоныстанған. Жалпы аумағы 2747 гектарды құрайды, 180 көше бар.

ПІКІР ЖАЗУ