Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Арыста ерекше жандардың мерекесі аталып өтті

Қазан айында атап өтілетін мүгедектер күні мерекесі мен келе жатқан 25 қазан – Республика күніне орай Арыс қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөлімі көңілді мерекелік шара өткізді.

«Мүгедектігі бар адамдар күні» мерекесі ең алдымен ерекше жандардың түйткілді мәселелеріне қоғам назарын аударуға, оларды әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатыстыруға, олардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған.

Осыған орай, қаламызда орналасқан «Тең Қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мерекелік шара өтті. Қала әкімінің орынбасары Алмаз Советұлы және қалалық Жұмыспен қамту және Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Әлмаханбет Нұрмағанбет арнайы қатысып, ерекше жандарды мерекемен құттықтады.

Шара аясында ерекше жандар арасында дойбы, шахмат, үстел теннисі мен сурет салудан сайыс ұйымдастырылып, мықтылар анықталды. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Ал, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сәйкес жаңалықтар

Шардаралықтар тағы да сусыз қаламыз ба деп алаңдап отыр

admin

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері өте алмай тұр

admin

Қазақстан «жасыл» туристік бағыттар тізіміне енді

admin