Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев онлайн түрде қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 16 тұрғынның өтініштері қаралды.

Қабылдауға келген тұрғындар: электр бағанасын ауыстыру, табиғи газ және таза ауыз су мәселелері, әлеуметтік көмек көрсету және тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ, жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Сонымен қатар, аудан басшысы азаматты онлайн түрде қабылдады. Айта кетсек, Қарағанды облысынан азаматты Zoom платформасы арқылы жеке мәселесі бойынша қабылдады.

Аудан әкімі қабылдау барысында тұрғындар көтерген сұрақтарға жіті тоқталып, заң аясында нақты жауап берді. Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселенің шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

ПІКІР ЖАЗУ