Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: аудандық «Ақ әжелер әуені» фестивалі

Бүгін ауданның мәдениет үйінде «Ақ әжелер әуені» атты фестивальдық іс-шара өткізілуде. Фестивальге арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев:

— Сіздердің бүгінгі өнерлеріңіз өскелең ұрпаққа зор тағылым, тәрбие екені сөзсіз. Биыл 13-ші рет ұйымдастырылып жатқан өнер додасында сіздерді көргеніме қуаныштымын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Қазанын оттан түсірмей, қазынамызды дәріптеп жүрген ақ әжелер аман болсын!- деп, фестивальге қатысушыларды арнайы алғыс хат және бағалы сыйлықтармен табыстады.

Ауылдық клубтар мен мәдениет үйлеріндегі әжелерден құралған топтардың шығармашылық белсенділігін арттырып, қазақ композиторларының әндерін насихаттау, халықтың рухын жаңғыртуға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған фестивальға 17 әжелер тобы қатысып, 150 әже сахна төрінде өнер көрсетті.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан банктері қай бағытта дамып келеді? Қаржы саласындағы негізгі трендтер

admin

Катон-Қарағайға енді ұшақпен баруға болады

admin

Түркістанда кезекті чемпионат өтуде

admin