Мақтаарал: құтқарушыларымызға халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор

Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері және сала ардагерлері!

Қадірменді құтқарушылар!

Төтеннен төнген түрлі қауіп пен тосыннан болған табиғи апат кезінде бірінші болып көмекке ұмтылып, тілсіз жауға қарсы тұрып жүрген бейбіт күннің батырлары, баршаңызды құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Құтқарушы мамандығы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі өте жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық – адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалу, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында аянбай еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген батыр азаматтарға халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор.

2020 жылы ауданымызда орын алған Төтенше жағдай кезінде Сіздер үлкен белсенділік танытып, халықтың көз алдында апаттың салдарымен аянбай күрескендеріңіз ел есінен шыққан жоқ. Белшеден су кеше жүріп адам өмірін арашаладыңыздар. Сондай-ақ, су басқан елдімекендерді аз ғана уақыттың ішінде ағын судан тазартып, апаттың салдарын жоюға үлкен үлес қостыңыздар.

Еліміздегі қуатты, мобильді әрі заманауи технологиялармен жабдықталған азаматтық қорғау құрылымдарының тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлық көрсетіп, жоғары жауапкершілікпен қызмет атқарып, міндетін мүлтіксіз орындайтын қызметкерлерінің батылдықтары мен жанқиярлық әрекеттері түрлі табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан адам өміріне араша бола береді.

Біз Сіздерге сенеміз және Сіздердің бейбіт күндегі батырлықтарыңыз жас ұрпақты елжандылық пен батырлыққа тәрбиелеп, Отансүйгіштік сана қалыптастырып, жауынгерлік рух, патриоттық сезімдерін қалыптастырады.

Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мол жауапкершілікті талап ететін, қиын да абыройлы қызметеріңізге табыс, өздеріңізге мықты денсаулық, әулеттеріңізге амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Татулығы жарасқан бейбіт сүйгіш халқымыз аман, еліміздің тыныштығы мәңгілік болғай!

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданының әкімі м.у.а.

Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы

ПІКІР ЖАЗУ