Келес: мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта да қарапайымдылық таныту тиіс

Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастыру мен нығайту – мемлекеттік жүйені дамытудың басым бағыттарының бірі. Ал, мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесіне қойылатын негізгі талаптар мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде анықталған. Осы орайда бүгін Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Бахтияр Абдрахманов Бозай ауылдық округінде болып, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жиын өткізді.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес, бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы, жоғары кәсібилік пен жеке құзіреттердің көрінуіне негізделген. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына зиян келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметшілер қоғамның тұрақты бақылауында болғандықтан жұмыстан тыс уақытта да қарапайымдылық таныту тиіс екенін есте ұстаған жөн, – деді өз сөзінде Бахтияр Оралбайұлы.

Сонымен қатар Бахтияр Оралбайұлы Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен тәртібі әрдайым ашық екеніне тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің, жалпы мемлекеттік органдар басшыларының жұмысы бойынша биліктің пәрменділігі, олардың қарапайым халықтың мұңы мен мұқтажына жауап бере білу деңгейі бағаланатын жеткізді. Келелі кездесуде бірқатар мемлекеттік қызметшілердің қойған сауалдарына тұщымды жауап берді.

ПІКІР ЖАЗУ