Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Келесте «Ерекше» жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Елімізде қазан айының екінші жексенбісінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мерекесі аталып келеді. Бұл дата Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтілуде. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.

Осы орайда Келес ауданындағы «Қазыналы қария – тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Жүректен-жүрекке» атты мотивациялық абилитация іс-шарасы өткізілді. Шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев және аудан әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Абдрахманов арнайы қатысып, ерекше жандарды мерекемен құттықтады.

— Мен осындағы азаматтарды «Ерекше» жандар деп атағым келеді. Тағдырдың қаншама сынағына қарамастан, өмірде өз орынын қалыптастыруға күш-қуат тауып жүрген нағыз батырлар арамызда отыр. Бұл қасиеттер құрметке лайық. Баршаңызды аудан басшысының атынан арнайы мерекелеріңізбен құттықтаймын. Деніңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс-ынтымақ тілеймін, — деді Даурен Сариев.

Іс-шарада спорт түрлерінен күрес, жеңіл атлетика, шахмат-шашка, үстел теннисі бойынша спортшылар өз шеберліктерін көрсетті. Ерекше адамдар арасында қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, өздері жасаған қазақи ою-өрнектермен нақышталған бұйымдарын және моншақтан жасалған түрлі мүсіндерді көрсетті. Өнерлі 18 жасқа дейінгі балалар және ерекше жандар күй тартып, ән айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Сарыағаш қаласында 25 көшенің жарықшамдары жаңартылды

admin

Жаңбыр салдарынан су басу қаупі бар аймақтар арнайы техникалармен тазартылды

admin

Астанада жолақысы қымбаттайды

admin