Арыс: «Отаны бірдің тілегі бір»

25 қазан – Республика күні қарасаңында атап өтілетін Рухани келісім күні мерекесіне орай қалалық әкімдіктікте жиын өтті.

Жиынға қала мен ауылдағы мешіт имамдары, ішкі саясат бөлімінің мамандары, қаламыздағы этно-мәдени орталық жетекшілері мен БАҚ өкілдері, қатысты Басқосуда қала әкімі Гүлжан Құрманбекова құттықтау сөз сөйлеп, өзінің лебізін жеткізді.

— Қоғамның дамуының, алға ілгерілеуінің басты негізі — тұрақтылық. «Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір» дегендей, ортақ мекенімізде ортақ тіл табысып, әдемі жарасыммен өмір сүру ниетінен, ауызбіршіліктен айныған кездеріңіз жоқ. Бүгінгі Рухани келісім күні және алда келе жатқан Республика күні қарсаңында баршаңызға алғысымды жеткізіп, алдағы жұмыстарыңызға сәттіліктер тілеймін, — деді Гүлжан Мамытқызы.

Бұдан кейін, қала басшысы бірқатар діни бірлестік өкілдері мен этно-мәдени орталық белсенділерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Кездесуде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, Арыс қаласының бас имамы Қажымұқан Қазыбаев, «Арыс қаласындағы Божией Матери қазан иконасы приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің өкілі, «Славян» этно-мәдени орталығының жетекшісі Любовь Шолгина рухани келісімді сақтау, әсіресе, жастарға үлгі ету төңірегіндегі өз ой-пікірлерін ортаға салды.

ПІКІР ЖАЗУ