Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев табиғи газға қосу жұмыстарымен танысты

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы 13 көпқабатты тұрғын үй аумағына арнайы барып,тұрғын үйлерді табиғи газға қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Айта кетсек,табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық құжаттары әзірленіп, 4 тұрғын үй табиғи газ жүйесіне қосылған. Қазіргі таңда, 9 үйдің атқару техникалық құжаттары әзірленуде.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты мердігер мекеме басшысына табиғи газға қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тездетіп, келісім шарт бойынша белгіленген уақытта сапалы ақталуын тапсырды.

Сондай-ақ, аудан басшысы көпқабатты тұрғын үй аумағында құрылысы жүріп жатқан аялдаманың мән-жайымен танысты.

Аталған аялдама аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда іргетасы қаланып, шатыры жабылуда.

Сәйкес жаңалықтар

Полицейлерге психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды

admin

Ұялы байланыс тарифтеріндегі бағаның өсуіне мемлекет араласты

admin

Шымкент көшелерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды

admin