Кентаулық оқушылар робот құрастырудан жүлдемен оралды

Кентау қаласының RoboMektep оқу орталығының оқушылары қос бірдей орынды иеленіп, жеңіспен келді. Жуырда Шымкен қаласында «Робото техникасы» бойынша ашық чемпионат өтті.

Мықтылар шыңдалатын жарысқа еліміздің әр қаласынан 52 оқушыдан құралған 26 команда, 26 оқытушы тренер бақтарын сынады.

Әр команда өздерінің жасаған роботтарын таныстырып, ерекше үлгіде құралған бөліктерімен сынға түсті. Дәстүрлі жарыс лига форматында 1 оқу жылына созылатын, бірнеше кезеңнен тұратын жарыс форматында өткізілді.

Жарыстың мақсаты – балалардың арасында мықты командаларды анықтап қана қоймай, олардың бойына бәсекеге қабілетті біліктілікті арттырып, халықаралық біріншіліктерге дайындау болып табылады.

Робото техникасы бойынша ашық чемпионат жыл өткен сайын дамып келеді. Одан бөлек, Кентау қаласында да осы салаға балалардың қызығушылығы артуда. Оған дәлел аталған жарыста екі бірдей кентаулық «SUNKAR » командасы 1-ші орынды иеленсе, «QMAX » командасы 2-ші орынды қанағат етті.

ПІКІР ЖАЗУ