Созақ: саяси науқанға қатысты жиын өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақәділ Сатыбалдының төрағалығымен жиын өтті. Жиынға аудан прокурорының орынбасары, әділет кеңесшісі Алмас Жағыппаров, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әбубәкір Сахиұлы және ауыл, кент округ әкімдері мен бірқатар бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Жиынның күн тәртібіндегі мәселе 5 қараша күні өтетін Созақ ауданы әкімі сайлауын өткізу барысы жан-жақты пысықталды. Аудан прокурорының орынбасары, әділет кеңесшісі Алмас Жағыппаров өз сөзінде аталған саяси науқан заң талаптарына сәйкес өту керектігін ескертті. Сонымен қатар, барлық сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында пандустар, токтилді жолақтар, сілтеуіштер, арнайы бұрыштармен қамтамасыз етіліп, толық жағдай жасалу керектігін айтты.

ПІКІР ЖАЗУ