Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Oрдабасы: Ынталыда кіші футболдан облыстық турнир өтті

2023 жылдың 13-15 қазан күні аралығында Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округіне қарасты Ынталы аулында өмірден ерте өткен азаматтарды еске алу мақсатында кіші футболдан 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында облыстық турнир болып өтті.

Жалпы үш күн бойы өткен турнирде 12 команда бақ сынап, нәтижесінде турнир жеңімпазы Жетісай спорт клубы атанса, екінші орын Төлебилік жастарға бұйырды. Ал, 3-орынды Қазғұрттық өрендер қанжығасына байлап қайтты!

Ынталыдағы ауыл жастарының жасап жатқан игі істерінің бұл бірі ғана. Бұдан бөлек ауылдың 1990-2000 ж.т жастары ауыл ішінде қор ашып, халыққа қызмет көрсетуін бастаған. «Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан тумақ» деп қазақ атамыз айтқандай ауыл жастарының жасаған игі істері халықтың алғысын ала берсін демекпіз.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы Әже» форумы өтті

admin

Вице-премьер Тамара Дүйсенованың Түркістан облысына жұмыс сапарында маңызды мәселелер талқыланды

admin

Шымкент пен Қызылорда әуежайларындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

admin