Қазығұрт: “Салт- дәстүрім таусылмайтын байлығым”

Қазығұрт, Қақпақ ауылдық округінде жастар мен жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Менің ойымша, сол құндылықтардың арқасында біз өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ұрпағын елжанды, ұлтының ұлылығын ұлықтайтын азамат етіп тәрбиелеуде ана тілінің нәрімен сусындатып, жүрегіне ізгіліктің дәнін сепкен. Ана сүтімен бойымызға дарыған тілді шұбарламай, таза күйінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Елге қалтқысыз қызмет етуді ойлаған асыл ерлеріміз жеке басының мүддесінен халық мүддесін жоғары қойған.

ПІКІР ЖАЗУ