Арыста ауқымды сенбілік өтті

Бүгін Арыс қалалық мәслихат депутаты Алмас Шүкірбековтің бастамасымен МПС тұрғын ауданында тазалық шарасы өтті. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін бір кісідей жұмылып, көтеріңкі көңіл-күймен аянбай еңбек етіп, қаланың таза болуына өз үлестерін қосты.

Экологиялық мәні зор шараға қаланың кәсіпкерлері де қолдау көрсетті. Бірі өз иелігіндегі арнайы техникасын әкелсе, «Жасыл-Арыс» КММ мен «Қызмет-Сервис» мекемесі ауыр жүк көліктерін берді.

«Тазалық пен тәртіп – кез келген қаланың табысты дамуының кепілі. Бұл жағынан Арыс қаласы басқаларға үлгі болуға тиіс. Эко­марафон бір реттік акция емес, алдағы уақытта да жалғасатын болады», дейді ұйымдастырушылардың бірі Алмас Шүкірбеков.

Шара барысында тұрғындар балаларымен бірге қоқыстарды жинап, көпке үлгі болар іс жасады. Үйлестірілген жұмыстың арқасында 3 камаз қоқыс арнайы полигонға шығарылды.

Жергілікті азаматтар мұндай шараны алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

ПІКІР ЖАЗУ