Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Саурандық команда облыстық сайыста жүлделі бірінші орынға ие болды

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің ұйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне орай, «Шаттыққа толы шаңырақ» байқауы басталды.

Байқаудың негізгі мақсаты — Республика күніне орай, Түркістан облысының жас отбасылары арасында атап өту, насихаттау, республикалық мереке ретінде дәріптеу. Жастар мен жас отбасылар арасында салауатты өмір салтын дәріптеумен, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу мен жарыстар арқылы отбасы мүшелерін өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болып табылады.

Жалпы байқауға облысымыздың 17 аудан, қаласынан жас отбасылар қатысуда. Отбасылар байқаудың алғашқы күні толағай сайысына қатысып, сынға түссе, екінші күні отбасылар өз өнерлерін көрсетеді.

Аталмыш байқауға Сауран ауданынан жас отбасы «Бейсенбаевтар» командасы қатысып кешегі өткен бірінші сайыс толағай спорттық кезеңінен жүлделі II-ші орынды иеленсе, бүгінгі өткен өз өнерін көрсету екінші кезең бойынша бар таланттарын ортаға салып жүлделі I-ші орынды иеленді. Бұл тамаша жеңісті зор қуанышпен қабылдадық. Бұл жеңіс Сауран ауданының мерейін үстем етті.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл облысында жол апатынан көз жұмған жеткіншектер көбейген

admin

Мичурин: округіміздегі құлшылық ордаларының қатары тағы бір мешітке артты

admin

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды

admin