Қала күніне арналған «Кентауым – гүлбағым» мерекелік шарасы өтті

Кентау – табиғаты тамаша, жері құнарлы ел-жұрттың ықыласы ауған қала. Кентау қаласы – бүгінгі күні кеңге қанатын жайып, өркендеп келеді. Көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдырлары тоғысқан Кентау қаласында ынтымақтастықтың көрінісін тұрғындардың бірлігі мен тірлігінен байқалады.

Қалалық білім бөліміне қарасты Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен, Кентау қаласының 68 – жылдығына арналған «Кентауым – гүлбағым » атты мерекелік іс – шара өтті. Кентау оқушылар үйінің директоры Халуа Мамбетбаева көрермендерді қала күнімен құттықтап, балалардың өнерін қолдап жүретін ата-аналарға алғыс білдірді.

Мерекелік шарада Оқушылар үйінің дарынды жастары өз өнерлерін ортаға салып, келген көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады. Мың бұралған бишілер ұлттық көріністі көрсетсе, өнерлі балалар патриоттық әндер шырқады.

Бүгінгі таңда қалалық Оқушылар үйінде 1300 дей дарынды бала 45 түрлі үйірмеде өз өнерлерін шыңдап, білікті ұстаздардан тәлім алуда.

ПІКІР ЖАЗУ