Текті Түлкібастан саялы Сайрамға іс-шарасы ұйымдастырылды

Бүгін Түлкібас пен Сайрам аудандарының мәдени-рухани байланысын нығайту, кітапхана оқырмандарының қызығушылығын арттыру мақсатында Түлкібас аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Сайрам аудандық орталық кітапханасында болды. Рухани ордада Түлкібастық айтыскер ақын, аудандық мәдениет үйінің мәдени іс-шара ұйымдастырушы маманы Келімбетов Тұрысбек Аспандиярұлымен “Өнердің өрен жүйрігі” атты кездесу кеші өтті. Іс-шара шымылдығын аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Омарбекова Назира Нұрпапақызы әсем әнмен ашып, көрермендер ықыласына бөленді. Кештің құрметті қонағы оқырмандар мен кітапсүйер қауымның түрлі сұрақтарына жауап беріп, кездесу еркін форматтағы сұхбатқа ұласты. Айтыскер ақын кеш соңында өзінің Сайрам жұртшылығына, кітапханашыларға деген ыстық ықыласын арнаумен жеткізді.

Жоспарға сай іс-шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Бұл жерде Түлкібастық кітапханашылар «Түлкібасым – құт мекенім, мерейім» атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Темирбаева Арайлым көрмені таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

ПІКІР ЖАЗУ