Мақтаарал: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету масқатында ведомствоаралық топтың жұмысы

 Мақтаарал ауданы әкімдігі жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету масқатында сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың жұмысы

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сервистік тәсілді енгізу үшін Мақтаарал ауданы әкімінің өкімнің негізінде пилоттық жоба ретінде іске асыру шеңберінде ведомствоаралық топ әзірленіп құрылған. Бұл топқа Мақтаарал ауданының әкімі аппараты, аудандық прокуратурасынан, аудандық полиция бөлімінен, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен, аудандық «Жастар» ресурстық орталығынан, аудандық білім бөлімінен және Мақтаарал аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінен құралды.

Қазіргі таңда ведомоствоаралық топтың қызметкерлерімен қоғамдық қауіпсіздікт қамтамасыз ету сервистік тәсілді енгізу үшін САРА әдісі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудандық әкім аппараты мен ведомствоаралық мекеме қызметкерлерінің жиналысында берілген ұсыныстар негізінде жоспар түзіліп, 15.09.2023 жылы Мақтаарал аудан әкімі Б.Асановпен бекітілді.

Осы жоспардың талабы бойынша қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті мәселе интернет алаяқтық қылмысы болып тұр. Мырзакент кент тұрғындарына және мекемелерге барып интернет алаяқтықтан алдын алу бойынша үн парақшалар таратылып кент аумағына банерлер ілініп түсіндірме жұмыстары жұргізілуде.

ПІКІР ЖАЗУ