Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облыстық соты жаңа ғимаратқа көшеді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық соттың жаңа ғимаратымен танысты. Екі жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары алдағы желтоқсан айында толық аяқталып, ғимарат пайдалануға берілмек.

Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан жалпы аумағы 1,8 га. жерді алып жатқан жаңа сот ғимаратын заманауи жабдықтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы көлемі 17,5 мың шаршы метрді құрайтын заманауи төрт қабатты ғимаратта қаланың барлық соттары орналасатын болады. Мұнда судьяларға, сот қызметкерлеріне және келушілерге барлық қолайлы жағдай қарастырылған. Жаңа сот ғимаратына Түркістан қаласында орналасқан 8 сот көшіп келеді.

Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Онда спорт залы, асхана және техникалық бөлмелер бар әртүрлі функционалды аймақтар орналасады.

Келесі қабаттар судьялар кабинеті, бейнебайланыспен кешенді жарақтандырылған сот отырысы залдары, прокурорлар, адвокаттар және медиация кабинетімен жабдықталады.

Бұдан бөлек, ғимаратта акт залы, оқу залы, күту залы, баспасөз орталығы, мұражай, мұрағат орналасқан және психологиялық көмек көрсету бөлмесі болады. Заманауи және функционалды ғимарат сот төрелігін тиімді және сапалы жүзеге асыруға ықпал етеді.

Сәйкес жаңалықтар

Әнші Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығатынын айтты

admin

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жастар форумы өтті

admin

Дархан Сатыбалды жолдаудағы басым бағыттар өңірдің дамуына оң серпін беретінін жеткізді

admin