Түлкібас: Рысқұлов ауылдық округінде халыққа есеп беру жиыны өтті

Бүгін аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудандық мәслихат төрағасы Хамит Байысбаев және жауапты мамандар мен дербес бөлім басшыларының қатысуымен 8 ай қорытындысы бойынша Рысқұлов ауылдық округінде халыққа есеп беру жиыны өтті.

Негізгі бөлігін сұрақ-жауап форматында өткен жиында халықтың ұсыныс-талаптарын тыңдады. Жиынға қатысқан тұрғындардың дені Азаттық ауылынан болғандықтан басты тақырыптардың бірі Азаттық ауылындағы ауыз су мәселесі болды. Азаттық ауылы биылғы жылдың қараша айында ауызсуға толығымен қол жеткізеді. Бұл туралы жауапты бөлім басшысы мен мердігер компания өкілі мәлімдеді.

Шұқырбұлақ ауылының ақсақалдары көтерген көше жарығы, су мұнарасын іске қосу сынды мәлелерде талқыланып, назарға алынды.

Аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы осы және өзге де түйіткілді мәселелерді заң талабына сай қаралып, бюджеттің ауқымына қарай жүзеге асырылатынын жеткізіп, жауапты мамандар мен дербес бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Аудан әкімі мен мамандарға ризашылығын білдірген тұрғындар қол соғып, ауыл ақсақалдары батасын берді.

ПІКІР ЖАЗУ