Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сарыағаш қаласын көркейту аудан әкімі Арман Абдуллаевтың басты назарында

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты.

Аудан басшысы қала аумағын аралау барысында алдымен Мөлтек шағын ауданындағы балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшаларын және автотұрақ салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады.

Қазіргі таңда, спорт алаңшасына газон төсеу, айналасын қоршау және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.Сондай- ақ автотұрақ салу жұмыстары мәресіне жетіп, халық игілігіне пайдалануға берілді.Балалар ойын алаңшасының құрылысы жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар,аудан әкімі Арман Абдуллаев С.Дүйсебаев көшесіндегі сағат мұнара аумағын абаттандыру жұмыстарымен де, танысты.

Аудан әкімі Дамыту жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе мекеме өкіліне бірқатар ескертулер беріп, жұмыстарды сапалы түрде белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырып, қала әкіміне жұмысты ұдайы бақылауда ұстауды жүктеді.

Сәйкес жаңалықтар

Жерлестеріміз жүлдемен оралды

admin

Дархан Сатыбалды Ордабасыда тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады

admin

«TURAN» интелектуалды сайысы өз мәресіне жетті

admin