Келес ауданында мәдениет және спорт кешендерінің құрылысы жүруде

Келес ауданында жаңа нысандар қатары да көбеюде. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық қор трансферттер есебінен өткен жылы 2 мәдениет ошағының құрылысына қаржы қаралып, 150 орындық клуб және кітапхана құрылысының бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Олар Жамбыл және Қошқарата ауылдарында орналасқан.

– Биыл ауданымызда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Ошақты ауылдық округі, Жиделі ауылында 75 орындық ауылдық клуб құрылысына» Ұлттық қоры есебінен қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Нысан 2024 жылға өтпелі болып табылады. Сонымен қатар, өңірдегі Ұшқын, Жүзімдік, Ақжол және Біртілек ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысын жүргізу жоспарлануда, – дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Юсупов.

Келес ауданында бұқаралық спортты дамыту және тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту мақсатында биыл Абай ауылының Асан қайғы көшесінен 250 орындық спорт кешенінің құрылысы басталды. Бұл нысан келесі жылы ел игілігіне табысталмақ. Спорт саласының дамуына аудандағы жеке кәсіпкерлер де атсалысуда. Атап айтсақ, Алпамыс батыр ауылдық округінің Ақжол ауылында жеке кәсіпкер есебінен «Алпамыс батыр» спорт ғимараты салынып, бокс спорт түрінен «Келес спорт клубы» КММ қарасты спортшылар шұғылдануда және Қошқарата ауылдық округінің Бесқұбыр елді мекенінен жеке кәсіпкер есебінен «Қамбарата» спорт ғимаратының құрлысы аяталып, пайдалануға берілді.

ПІКІР ЖАЗУ