Қазығұрт: халықпен кезекті кездесу өтті

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұхамедғали Әшірбаев ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Шанақ, Қ.Әбдалиев ауыл округтерінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, интернет желісі секілді мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мұхамедғали Шыршықбайұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын айтып өтті.

ПІКІР ЖАЗУ