Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: қамқорлықта кезекті қайырымдылық жиыны өтті

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының соңғы жолдауында әлеуметтік әлсіз топ мүшелеріне психологиялық, моральдық қолдау көрсетуге басымдық берген болатын.

Бүгінде жолдау аясында Түркістан қаласында түрлі жүйелі жобалар, іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Сондай игі шараның бірі – Қамқорлық жанұя орталығында өтті. Жиын мақсаты әлеуметтік әлсіз отбасы, топ мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету.

Шараға Түркістан қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» Элмира Бейсенова және әлеуметтік әлсіз топ мүшелері қатысты.

Жиында қатысушыларға арнайы дайындалған концеттік сценарий қойылып, мерекелік дастархан жайылды.

Өз кезегінде сөз алған «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» Элмира Тұңғышбайқызы шаһардағы әлеуметтік бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, келушілерге тілегін жеткізді.

Басқосу соңында қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Жалпы, Қамқорлық» жанұя орталығы – өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы, толық емес, аз қамтылған, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және мүгедектігі бар тұлғаларға кешенді кеңес беру арқылы әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар, аз қамтылған мүгедектігі бар отбасы мүшелерін тұрмыстық депресиядан шығару үшін психологиялық қолдау көрсету, бейімдеу шараларына қатыстыру, арнайы мамандық оқу курстарын ұйымдастыру және құқықтық кеңес берумен қамтамасыз етеді.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорындар қарқынды жұмыс істеуде

admin

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Наурыз мейрамын тойлады

admin

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы «Жас маман» жобасы аясында семинар өткізді

admin