Түркістан: қамқорлық жанұя орталығында форум өтті

 Бүгін Қамқорлық жанұя орталығында – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы отбасылық құндылықтар рөлі» тақырыбында форум өтті.

Форумға Түркістан қалалық әкімдігінің аппарат басшысы Талғат Қыдырбаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Зуппархан Чалданов, облыстық ата-аналар қауымдастығының төрайымы Ақбаян Төлбасықызы мен БҰҰ Халық қоныстану қоры бағдарламасының өкілі Ғалым Медеуов қатысты.

Жиында алғы сөз алған аппарат басшысы Талғат Алпысбайұлы аталған тақырыпта шаһарда жүзеге асқан түрлі жобалар мен жоспарларға тоқталды.

Келесі болып сөз алған Ғалым Медеуов- Отбасылық құндылықтар және гендерлік саясаттың принциптері мен тәсілдері тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, Ақбаян Төлбасықызы отбасы құндылықтары туралы сөз қозғады.

Жиын соңында қатысушылар отбасы дамуындағы әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы бастамаларды талқылап, келушілермен жаңа ұсыныстарды қарады.

ПІКІР ЖАЗУ