Түркістан: пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар арасында кіші футболдан турнир өтті

Бүгін Түркістан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар арасында кіші футболдан турнир өтті.

Береке спорт кешенінде өткен жарысқа қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков, қалалық әкімдіктің аппарат басшысы Талғат Қыдырбаев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенова мен Түркістан қалалық мәслихатының депуттары , қалалық мәслихат депутаттары Рысбеков Самат, Жусипбаев Нұрсұлтан, Мұсабек Құлбатыр қатысты.

Жарыста аппарат басшысы Талғат Алпысбайұлы алғы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бәсекеде пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардан жасақталған 5 команда сайысқа түсіп, жүлделі орындарды сарапқа салды.

ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША:

1 орын- «Локоматив» командасы;

2 орын- «Достық» командасы

3 орын- «Бекзат» командасы иемденді.

ПІКІР ЖАЗУ