Кентауда жас ақындар мүшәйрасы өтті

Кентау қаласының 68 жылдық мерей тойына орай Орталық балалар кітапханасында жас қаламгерлер арасында « Кентауым деп жыр жазамын » атты қалалық жас жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Білімді бала – жарқын болашақтың кепілі. Бүгінгі іс шараның мақсатыда дарынды балаларға қолдау көрсету, алға қарай жетелеу. Игі шарада жас ақындар сүйікті қалалары жайында толғаулары мен арнауларын паш етті.

Бүгінгі жас қаламгерлердің жарысында 12 жас қаламгер сынға түсті. Жас жазба ақындардың өнерін сараптап, жарыстың әділ төрелігін жасаған ақын, «Қала жанашыры» төсбелгісінің иегері Мұхит Махажанов.

Нәтижесінде ерекше дауысымен, ынтасымен көзге түскен Гүлзада Қаныбек 1 -орын иегері атанды. Ал

жүлделі 2- орынды Жұмабек Әлдекей, Мамамбетова Анар, 3-орынды Мелдехан Аңсар, Нышанбай Хадиша өзара бөлісті. Жарыс жеңімпаздарына және қатысушыларға диплом, алғыс хат және сыйлықтар табысталды.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ