Арыста әкімдік аппаратының ғимаратында кітапхана ашылды

Арыс қаласы әкімдігі аппаратының ғимаратында жылжымалы кітапхана ашылды.

«Ашық әкімдікте – ашық кітапхана» жобасы аясында ашылған кітапханада сұранысқа ие көркем және салалық әдебиеттермен қатар, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын үйрететін кітаптар қойылған.

Жылжымалы кітапхананың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, қала әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбеков, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлнар Садықова және бір топ мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Бүгінде мұнда 1123 кітап қоры бар, қазірдің өзінде 6 мемлекеттік қызметкер оқырман болып тіркеліп, кітап алып үлгерген. Кітапхана қоры алдағы уақытта жаңартыла беретін болады, сондай-ақ оқырман ұсыныса сәйкес Абай атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханадан әкелінетін болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ