Cарыағаш: ауданымызда «жастар практикасымен» 317-ден астам жас жұмысқа жолданды

“Жастар практикасы” жұмыссыз азаматтардың еңсе тіктеуіне сеп болуда. Тиімділігі – жас маман 1 жыл тәжірибе жинап, мамандықпен еңбек жолын бастайды. Ауданда аталған бағдарлама арқылы жұмыс тапқандардың саны артып келуде.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың 8 ай көлемінде ауданда жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген 194 жұмыс берушіге 12 ай мерзімге 317 азамат жолданды.

Осы орайда, аудан тұрғындары Жанар Лесбай және Бағдәулет Басымбек Жастар практикасы арқылы – оқутышы болып қызмет атқаруда.

Ж. Лесбай Шымкент шаһарында ” Достық” университетінде педагог мамандығы бойынша білім алған. Жоғары оқу орнын былтыр ғана тәмамдаған жас түлек бүгінде “Рахима Омар” бастауыш мектебінде өзі де шәкірт тәрбиелеп жүр.Ал, аталған бағдарламаның игілігін көрген Бағдәулет Басымбек те тәжірибе аталдған мектепте бастады.

«Жастар практикасы» бағдарламасына 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда, бағдарлама жалақысы 30 АЕК көтеріліп 91 890 тг құрап отыр. Қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған.

Cарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ