Сайрам: жастардың патриоттық рухы шыңдалды

Аудандық орталық мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы, Сайрам ауданы бойынша Таулы Қарабақ ұрыс – қимылдарына қатысқан ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен «Күз – 2023» және «Жас сарбаз» патриоттық іс-шарасы өтті.

Мақсаты – аудан жастарының отан алдындағы патриоттық сезімін арттырып, еліміздің қарулы күштері қатарында сенімді қорғанышы болуға шақыру.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаев, Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары, подполковник Ж.Кулдербаев, ҰҚҚ-нің генерал – майоры А.Исабеков, «Таулы Қарабах ардагерлері мен мүгедектері Республикалық одағы» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Базарбаев қатысып, құттықтауларын жолдап, жастарды отан қорғауда белсенділік танытуға шақырды.

Жиынға арнайы шақырылған Қостанай облысының бір топ ұрыс -қимыл ардагерлері өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шара барысында ұрыс – қимыл ардагерлеріне, жаңадан әскерге шақырылып жатқан аудан жастарына және ардақты аналарға арнайы сый-сияпаттар жасалынып, арнайы төс белгілер мен алғыс хаттар табысталды.

Жиын соңы тақырыптық бейнероликпен және үлкен концерттік бағдарламаға ұласты.

ПІКІР ЖАЗУ