Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сайрам: «Сыр сандықтың сырын ашқан – Сәкен» онкүндігі өтуде

Ағымдағы жылдың 10-20 қазан аралығында № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен “Сыр сандықтың сырын ашқан — Сәкен” тақырыбында онкүндік басталып кетті. Аталған пәні бірлестігінің мұғалімдері “Өлімге жан екенсің қимайтұғын…” деген тақырыпта Сәкен өмірінен сахналық қойылым қойды. Ашылу салтанаты “Әдеби қымызханамен” ұласып, ұстаздар мен оқушыларға “Тәтті сұрақтар”, “Қатты сұрақтар”, “ Майлы сұрақтар”, “ Жайлы сұрақтар” қойылып, дұрыс жауап бергендерге бауырсақ пен құрт, қазы, көже, қымыз, жент ұсынылды.

Іс — шарада қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мұғалімдері оқушылар мен ұстаздарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар айтып, өлең шумақтарын оқып, әндерін орындады.

Сонымен қатар “Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы” атты кітаптар көрмесі қойылды. Көрмеде ақынның «Тар жол, тайғақ кешу”, Жер қазғандар”, “Айша», “Аққудың айрылуы” еңбектері таныстырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2023» жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

admin

Түркістан: Созақ ауданында балаларға арналған үш нысан пайдалануға берілді

admin

Шымкент: солтүстік саяжай шағынауданына табиғи газ берілді

admin