Келес: аудан тұрғындарының 81 пайызы «сақтандыру» ақпараттық жүйесіне тіркелген

Келес ауданы әкімі аппаратында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша тұрғындарымен кездесу өтті. Онда МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту және медициналық қызметтердің сапасына көңіл бөлу барысы талқыланды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев қатысты.

-Түркістан облысы бойынша Қордың филиалына 146 өтініш келіп түссе, оның ішінде, консультациялық сипаттағы мәселелер – 28, арыз-шағым бойынша 98 өтініш түскен. Қор тарапынан медициналық ұйымдардың пациенттерге көрсеткен қызметтерге әрі арыз-шағымдардың көрсеткішіне байланасты бағалау жүргізіледі. Ал Келес ауданы бойынша медициналық ұйымға тіркелген тұрғындар саны 110 890 адам болса, оның ішінде сақтандырылған халық саны – 89 847 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш «сақтандыру» ақпараттық жүйесінде 81 пайызды құрап отыр, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Икрамұлы.

Кездесу барысында медициналық қызметтерді қаржыландыру, ТМККК шеңберіне және МӘМС жүйесіне енгізілген медициналық қызметтер, азаматтардың жеңілдік санаттары, жоғары мамандандырылған медициналық көмек, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін алу тәртібі, бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ), сақтандырылмаған тұрғандар туралы статистика, халықты МӘМС жүйесімен қамту, Kaspi.kz, Halyk bank мобилдік қосымшалары арқылы жарналарды төлеу, банктердің мобилді қосымшалары арқылы сақтандыру мәртебесін тексеру және кері байланыс арналары бойынша ақпарат берілді.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Даурен Нұрланұлы МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамтуға қатысты жоспарланған және атқарылған жұмыстарды пысықтап, нақты шаралар атқарылатын алға тартты.

(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ