Қазығұрт: «Қайта қылмыс жасау деңгейін төмендету – басты мақсат»

Аудан прокуратуры Қ.Базарбаевтың төрағалығымен «Пробация және жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасауын алдын алу және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселесі» тақырыбында Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловтың, Қазығұрт АПБ бастығының бірінші орынбасары Н.Нарбаевтың, Қазығұрт ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Кулимовтың, Қазығұрт аудандық Мансап орталығының Мониторинг бөлімінің басшысы М.Алпысовтың, ЖПҚ бастығының орынбасары Д.Акимбековтың, Қазығұрт аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы П.Тулебаевтың қатысуларымен жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс кеңесінің күн тәртібінде пробация қызметі және жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету бойынша уәкілетті органдардың 2023 жылдың өткен кезеңінде атқарған жұмыстары мен алдағы уақыттағы жұмыс жоспары қаралды. Сонымен қатар, сотталғандардың қайта қылмыс жасауын алдын алу мақсатында пәрменді шаралар қабылдау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы қайта қылмыс жасау деңгейін төмендету мәселесі талқыланды.

Жұмыс кеңесінің нәтижесімен Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның отырысы өткізілді және пробация қызметі есебінде тұрған сотталған тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.

Қазығұрт ауданының прокуратурасы

ПІКІР ЖАЗУ