Түркістан: Сарыағаштағы каналдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Сарыағашта аудан көлеміндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және суды үнемдеу мақсатында бірқатар су шаруашылығы нысандарына күрделі жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев іссапармен Дербісек ауылдық округінің аумағында орналасқан №57 каналды тазалау жұмыстарына арнайы барып, тексерді. Қазіргі таңда, аталған канал маңына 6 дана шлюз орнату жұмыстары жүргізілуі жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қазан айында басталып, қараша айында аяқтау көзделген.

Сондай-ақ тазалау жұмыстарына қажетті құрылғылардың сапасын тексеру мақсатында аудан басшысы мердігер мекеме өкілі және аудандық «Су шаруашылығы» КММ өкілімен арнайы құрылыс құрал-саймандарын сату орталығына барып, бақылады. Сонымен қатар жауапты мердігер өкіліне, тиісті бөлім өкіліне тазалау жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ