Ордабасы: аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері пробация есебінде тұрған адамдармен кездесті

2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы жыл сайынғы “Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты” атты Қазақстан халқына жолдауы барысында бүкіл республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу тетіктерін масштабтау міндеті қойылған. Осыған байланысты Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың іс-шара жоспары бекітілген болатын.

Жоспар бойынша топ мүшелері мен аудандық пробация бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе Аудандық пробация есебінде тұрған адамдармен кездесіп, қоғамда болып жатқан зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы өз ойларын білдіру мақсатында және қайта қылмыс жасауға ықтималдығын анықтау бойынша психологиялық сауалнамалар алынды.

Сонымен қатар, іс-шараның мақсаты: Аудандық пробация есебінде тұрған азаматтарды қылмысқа қайта бейімділігін анықтау. Бұл азаматтармен азаматшаларды қоғамнан шектету емес, керісінше қылмыстың алдын алып, халықпен етене жұмыс істеп кетуіне ықпал жасау.

ПІКІР ЖАЗУ