Сайрам: «Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді» тақырыбында жиналыс өтті

№5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебінде 9- сынып қыздарымен «Қыз инабаттылығымен әдемі-әдептілігімен сәнді» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Әлі Ерлан Рәббіұлы., ДТІЖО Алайбекова Р.А., мектептін педагог-психологтары Маккамбаева Ю.Ш., Мавланова Г.Р., пед.ұйымдастырушы Турсунметова Т.С және сынып жетекшілері қатысты. Жиналыста қыздардың батыстың сән үлгісіне бой бұрмай, ар-намысын, сұлулығын жоғары коюды, жұрт алдында абыройлы болуы тиістігін, қыз әдебі мен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндерме жұмыстары жүргізілді.

Қазақстанның болашағына және оның болашағына теріс әсер ететін мәселелер де ең өткір мәселелер болып табылады. Қазақстанның болашағы қандай болатыны ең алдымен жастарға қалай әсер ете алатынымызға, олардың қандай болып өсетініне, олардың өмірлік мүдделері қандай болатынына байланысты. Кәмелетке толмаған болу – тұлғаның қалыптасуының қиын кезеңдерінің бірі. Бүгін мектебімізде Сайрам полиция бөлімінің қызметкері Әли Ерлан кездесу өтті, 9-сынып оқушыларымен түсіндірме әңгіме жүргізді. Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 9- сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық – құқық бұзушылық үшін жауапкершілік» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

ПІКІР ЖАЗУ