ШЫМКЕНТ: Көшелерге кісі есімін беру тоқтатылды
Қала әкімі М.Әйтеновтің қала аумағында ономастикалық ахуалды жандандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы Қаратау ауданы қарқынды жұмыс атқаруда. Биыл ауданға қарасты шалғай елді мекендегі 155 көшеге жаңа атау берілді.
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін беру тоқтатылған (мораторий). Алайда, ономастикалық ахуалды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су атауларына және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Айта кетейік 2020 жылы Қаратау ауданы аумағындағы атауы жоқ және атауы моральдық тұрғыда ескірген 167 көшеге жаңа атау беру бойынша ұсыныс құжаттар республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолданды. 2021 жылы ұсынылған 167 көше атауының 155-і комиссияның оң қорытындысын алып, қала әкімі өкімі және қалалық мәслихат шешімімен заңдастырылды.
Биылғы жылдың өзінде Қаратау ауданындағы көптеген көшелерге «Қазақ радиосы», «Егемен Қазақстан», «Абай жолы», «Жас Алаш», «Алмас қылыш», «Алтын Орда», «Ана тілі», «Қалқаман-Мамыр», «Ойқараған», «Омбы», «Алдаспан», «Алтын кемер», «Тобылжан», «Сырлы Созақ», «Толғау», «Арқарлы», «Ақбесік», «Өскен өңір», «Қамар сұлу», «Дудар-ай», «Айқаракөз», «Ақ білек», «Ғаламшар», «Бесшағыл», «Құланбасы», «Текелі», «Дауылпаз», «Мұра» сияқты маңызды тарихи-мәдени атаулармен ұлықталған болатын