Сарыағаш: балалардың қауіпсіздігі басты назарда, құрылыс нормативтері сақталуы шарт!

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Құркелес ауылдық округі, Ақниет ауылында орналасқан білім ордасының ауласында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарына арнайы барып,мән-жайын бақылады.

-Балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Атқарылып жатқан жұмыстар құрылыс нормативтерін сай әрі сапалы атқарылуы тиіс. Сондай-ақ, жұмыс сапасы сметалық құжаттамаға сәйкес келмеген жағдайда, тиісті жұмыстар атқарылсын-деді аудан басшысы

№27 Шәкәрім атындағы жалпы орта мектебінің ауласына ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп,ауласын қоршау жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда, білім ордасында 1565 оқушы білім алуда

Абаттандыру жұмыстарын саралаған аудан басшысы мердігеи мекеме өкіліне және жауапты бөлім маманына бірқатар ескертулер беріп,өз бақылауында болатынын атап өтті. Сондай-ақ, жауапты бөлім өкіліне атқарылған жұмыстың сапасы сметалық құжаттамаға сәйкес келмеген жағдайда тиісті актілерді дайындауды тапсырды.

Сонымен қатар,аудан әкімі Арман Абдуллаев “Аманат” партия мүшелерінен,аудандық мәслихат депуттарынан және жергілікті атқарушы билік өкілінен құралған жұмысшы топ құрып, ауданда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерге бақылау жүргізуді ұсынды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ