Сарыағаш: нақты айтылған мерзімде жұмыс аяқталуы керек!

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Дербісек ауылдық округінде орналасқан №76 мектебіне арнайы барып, жылыту маусымына дайындық жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты.

Айта кетсек, қазіргі таңда Сарыағаш ауданында жалпы 18 мектептің жылу жүйесі қатты отынан табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Аралау барысында аудан басшысы жылыту қазандығы мен жылыту жүйесін ауыстыру бойынша қажеттілік тізіммен танысты.

Білім ошағының жылыту маусымына дайындығын пысықтаған аудан басшысы жауапты сала маманына аталған мектепте ағымдағы жылдың 26 қазанына дейін аталған мектептің жылыту жүйесін ауыстыру жұмыстарын аяқтауды,ауылдық округ әкіміне жұмыс барысын баяндап отыруды жүктеді.

Сонымен қатар, өз бақылауында болатынын атап өтті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ