Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Кентау аруы» байқауы өтті

Биыл Кентау қаласына 68 жыл. Осыған орай, қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілік, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін бойларына сіңіру мақсатында «Кентау Аруы» қалалық арулар байқауы өтті.

Байқауға 16 пен 21 жас аралығындағы 8 қыз қатысты. Байқау негізгі 4 кезеңде өтті:

1 кезең «Мен қазақтың қызымын» таныстыру.

2 кезең «Кентау тарихын білесің бе?»

3 кезең «Монолог» үзінді оқу.

4 кезең «Күзгі балл»

Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен Бас жүлдемен Бейсенбай Нұрай, «Ізденімпаз Ару»номинациясымен Мұхтарханқызы Шадия,

«Өнерлі Ару» номинациясымен Полат Ақбота,

«Бұрымды Ару» номинациясымен Шахтыбай Нәзік марапатталды.

Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, алғысхаттармен марапатталды.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында облыстық ҚХА-ның ХХVI сессиясы өтті

admin

Түркістан полицейлері мопед жүргізушілеріне бақылауды күшейтті

admin

Ұлты бөлек, тілі қазақ полицей

admin