Кентау: тұрғындар ұсынысы кезегімен жүзеге асырылуда

Қала әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелердің бірі Бейбітшілік көшесіне асфальт төсеу жайы болатын. Тұрғындар осы уақытқа дейін қара жол арқылы жүріп келсе, енді ол күндер артта қалып, өтініш жүзеге асырылды.

Қәзіргі таңда 700 м құрайтын жолға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 400 м жолға асфальт салынды. Жұмыстар уақытымен жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Искаков сала мамандарымен бірге жұмыс барысын бақылады. Құрылыс жүргізуші мекемеге сапаға мән беруді ескертті. Жауапты сала басшысына жұмыс барысын ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ қаладағы Төле би 62, 66, 68, 70 және Д.Қонаев 10, 12, 14 көпқабатты тұрғын үй аулаларына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарды бақылады. Орташа жөндеу жұмыстары барысында 4550 ш.м құрайтын ені 4.5м автомобиль жолдары салынып, 515 ш.м құрайтын аяқ жол салынатын болады.

Сондай-ақ, аулаларға 4 жерден жалпы көлемі 1190 ш.м құрайтын автотұрақтар салу қарастырылған.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ