Сайрам Ауданы, Қарабұлақ кентінде жұмыс ресурстары жетіспейтін солтүстік өңірлерге көші-қон мәселелері бойынша жиын өтті

Жиыннан түйгеніміз:

Солтүстік өңірлерге қоныс аударам деушілер жетерлік..

Тек насихат аз секілді..

Сондықтан үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға алдымен аудандық ішкі саясат бөлімдері тартылып, төмендегі бағыттар бойынша жұмыс істеу керек:

Ру-әулет ақсақалдары,

Имамдар

Ауыл-аудан әкімдері..

Тоқ адамдарды жинап, құдайы-садақа ұйымдастырып жататын рубасылар нағыз сауап тірлік істеймін десе, руластары үшін автобус жалдап, солтүстік өңірлерді араласып шығуы тиіс..

Өресі бар адам үшін бұл да үлкен сауап..

 Күнә туралы көп айтатын имамдар бос жатқан қазақ жерлерін адамға толтыру да үлкен сауап екендігі туралы жақтары талмай уағыз айтуы тиіс…

️ Өз кезегінде аудан әкімдері жергілікті кәсіпкерлерді бейресми жинаса да, оларды автобус жалдап, жерлестерін солтүстік өңірлерді аралап шығуға итермелеу керек.

Сайрам ауданы “Мансап” орталығының директоры Абзал секілді азаматтарды насихат жұмысына көптеп тарту керек..

ПІКІР ЖАЗУ