Отырар: аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Бүгін Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың өкімімен аудан әкімі аппаратының басшысы болып Әшір Біржан Отарбайұлы тағайындалды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жансұлтан Сейтжанов жаңадан тағайындалған аппарат басшысын аудан активіне таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ол өз сөзінде: «Біржан Отарбайұлы мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол бұған дейін де Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Сондықтан алдағы жұмыс барысында аудан әкімі аппараты қызметіндегі өзекті мәселелерге терең талдау жасап, жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ете отырып кадрлық құрамды нығайтуға күш салады деп ойлаймын. Жоғары органдардың және аудан әкімі тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, жұмыстарды тиісті деңгейде іске асыратыныңа сенім білдіремін»,-деді.

Әшір Біржан Отарбайұлы 1971 жылы 8 наурыз айында Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. Алғашқы еңбек жолын 1992 жылы ҮМІТ шаруа қожалағының төрағасы қызметінен бастаған.

Мемлекеттік қызмет саласында 1996 жылы Отырар аудан әкімінің жастар ісі, саяcат және спорт басқармасының жасы кәмелетке толмағандардың ісі жөніңдегі хатшысы, 1996-1997 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, 1997-1998 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 1998-2002 жылдары Отырар ауданы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімнің бас маманы, 2002-2006 жылдары Отырар ауданы аудан әкімі аппаратының бас маман заң кеңесшісі, 2006-2008 жылдары Отырар ауданы әкімнің заң кеңесшісі, 2009 жылы Отырар ауданы әкімі аппараты кадрмен жұмыс бөлімінің менгерушісі, 2009-2010 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2011 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының кадр жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2011-2015 жылдары Отырар ауданы әкімі аппаратының бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып абыройлы еңбек етті.

2015 жылдан бастап әр жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент және Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармаларының басшысы және бас маманы қызметін атқарып келді.

ПІКІР ЖАЗУ