Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сайрам: бюджеттің қалай атқарылғандығы қаралды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаевтың төрағалығымен кезекті лездемелік мәжіліс өтті. Күн тәртібінде аудан бюджетінің 9 айдағы қорытындысы және орындалу барысы қаралды.

Ағымдағы жылдың 9 айында аудан бюджетінің кірісі 7,1 млрд.теңгені құрап, жоспар 108,0%-ға артық орындалды. Ал аудан бюджетінің шығысы 12 705,6 млн.теңгеге игеріліп, бюджеттің шығыстар жоспары 100%-ға орындалған. Бұл туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева баяндады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімдерінде игерілмеу қауіпі байқалады. Осыған орай, қаржыларды келесі айларға жылжытуға облыстық салалық басқармаларға ұсыныс берілген, дейді А.Айтекеева.

Жиын соңында А.Өсербаев бюджеттің қаражатын құр игеріп қана қоймай, тиімді жұмсау маңызды екендігін атап өтті.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Жаңа ереже: Сатушылар екі түрлі баға көрсетуге міндеттеледі

admin

Түркістан қаласында 2000-ға жуық пәтер пайдалануға беріледі

admin

Енді елордада автобустың жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

admin